Әнші Нұрғали Нүсіпжанов тойлардың бірінде Роза Рымбаевамен түскен суретін Instagram парақшасында жариялады. Жұрт Нұрғали Нүсіпжановтың образына тәнті болып, әншінің бірнеше жасқа жасарып кеткенін байқаған.
Суретке жазылған пікірлердің дені «Жеңгеміз жарады», «Жеңгеміздің арқасы», «Жеңгемізге рақмет», «Атамыз гламурный болып кетіпті» сарында.
85 жастағы әнші бүгінде түрлі іс-шаралар мен тойлардан қалмайтын болған. Әр шыққан сайын Нұрғали Нүсіпжанов сыптай киініп, шашын гельмен жатқызып, сымбатты болып жүруге тырысады. Мұны байқаған жұрт әншінің жасарып кеткенін жас әйелі Жадыра Сейдештің оны жақсы күтетінімен байланыстырды. Дегенмен, 2019 жылы жас айырмашылығы 45 жас жұптың бас қосуын халық жаппай сынаған болатын.
Естеріңізде болса, 2019 жылы Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов журналист Жадыра Сейдешке үйленіп, дүркіретіп той жасаған болатын. Екеуінің жас айырмашылығы — 45 жас. Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда дүниеге келсе, таңдаған жары Жадыра Сейдеш 1982 жылы туған.
Мен сіздің жандүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан сүрінбеңізші, құламаңызшы. Енді ешқашан ауырып мені қорқытпаңызшы. Асқар тауым деп таңдадым ғой, менің асқар тауым болып, жасыңыз Жамбылдың жасынан ассын. Мен соған қызмет етем деп келдім. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз оның несі айып? Жақсы адамның артында ұрпақ қалуы керек. Сіздің қолыңызды ұстап тұрып тілерім, енді кішкентай Нұрғалиұлы өмірге келіп, сол сәбидің тілегімен өмір сүрейікші. Мен сізді арқа тұттым, сіз мені медеу тұтасыз. Осы тортты жеп, өміріміз дәл осындай тәтті болсын деп тілеймін,
деген еді Жадыра Сейдеш той үстінде жұбайлардың торт кесу рәсімінде.