Ресейдің Челябі облысында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды El.kz.
Облыстың Тергеу комитетінің мәліметінше, салдарынан 15 жастағы қыз бала қайтыс болды. Ал оны өлтірген 19 жастағы немере ағасы болып шықты.
Белгілі болғандай, ағалы-қарындас арасында кикілжің туындап, ол адам өліміне әкеп соққан.
Қыздың денесі Карталинск ауданының Татищево ауылындағы Мәдениет үйінен табылды. Тергеу дерегінше, ұрыс-керіс барысында жігіт қарындасын қылқындырып, сонан соң сол жерде жатқан шегемен қағып тастаған.
Қазір күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.