Аңқау елге арамза молда ма?
Кеше маған стоматологым Ерболат осы видеоны көрсетіп, ойымды сұрап еді. Арнайы рилс жасайын дедім, — деп жазды журналист Дина Төлепберген.
Жарайды, жаның ауырса табиғатта тынық, демал, қаласаң сүф деп сүре оқып тазаруға тырыс! Бірақ, тәнің ауырса тәуіпке баратын уақыттан өттік-ау.
Әлде әлі күнге дейін сеніп баратын жандар бар ма өзі?
Талай жыл төзімін тауысып оқитын білікті мамандар қайда қалды? Оның үстіне тіс дегенді емдейтін дәрігерге келгенде, білімі де, тәжірибесі де, қолданатын заттары да маңызды!
Ниеттенсең қара судан-ақ жазыласың деу — дерттің дендеуіне әкеп соқтырмай ма?!
деп жазды журналист Дина Төлепберген.
Медицина дамып, 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Көкірек көзіміз ашық адам болатын халге жеттік, жаңылмайықшы жамағат!