Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын өртеп жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол өзінің бұл әрекетін «нәресте тірі емес деп ойлағандықтан, солай істедім» деп түсіндірген. Болған оқиғаны полиция бөліміне аудандық аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған.
Дәрігер 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексергенде, ол үш күн бұрын – 23 қаңтарда босанғанын айтқан.
Ол өздігінен босанған. Өмірге келген сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген,
деді құқық қорғау органдары.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
Ақмола облысында түсік тастағаннан кейін анасымен нәрестені өлтіруі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша жүргізіледі.
Оқиға туралы полицияға 26 қаңтарда Макинск қаласының 33 жастағы тұрғыны жүктіліктің 24 аптасында жоспарлы тексеруде болғаннан кейін аудандық аурухананың дәрігері хабарлады.
Тергеу барысында осы жылдың 24 қаңтарында әйелдің қан кетуі ашылғаны алдын ала анықталды, бұл ретте ол медициналық көмекке жүгінбеген. Нәтижесінде үйде өмір белгілері жоқ түсік түсіп. Әйелдің айтуынша нәрестені жанып тұрған пеште өртеп жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда,
делінген Қазақстан Республикасы ІІМ хабарламасында.