АҚШ-тың ғарыш күштері Arkisys стартапымен тікелей жер орбитасында әртүрлі мақсаттағы спутниктерді құрастыру және қайта жабдықтау бойынша робот платформасын құруға келісті.
Көп функционалды орбиталық хаб жер төңірегіндегі жобалардың нарықтарын қолдап, қолданыстағы спутниктерді түрлендіріп қана қоймай, бұған қоса сұраныс бойынша Ай мен Марсқа арналған спутниктерді құрастыруға қабілетті болады деп жоспарлануда.
Осылайша, Port станциясы алғашқы коммерциялық орбиталық платформалардың бірі және ғарыштық инфрақұрылымның ұзақ мерзімді элементі болады. Мұндай платформа түрлі жолмен қолданылуы мүмкін: жаңа технологияларды енгізу және сынақтан өткізу, спутниктерді құрастыру және қайта жабдықтау.
Іс жүзінде бұл 2024 жылдан бастап орбитаның өзінде-ақ әртүрлі қызмет атқаратын спутниктерді жинауға қабілетті көп мақсатты роботты хаб болмақ.
Жақын арада топ роботты қолдың көмегімен көп компонентті нысанды құрастырудың жер бетіндегі демонстрациясын өткізеді. Жалпы Arkisys ғарыш кемелерін орналастыру, пайдалы жүктемені сынау және барлық типтегі ішкі жүйелерді диагностикалау үшін функционалды модульдік ғарыш платформасын құрастыруда роботты операцияларды пайдалану тұжырымдамасын растауды көздеп отыр.