АҚШ елшілігі Қазақстан азаматтары үшін виза беруді жеңілдетуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда сұхбаттасу процедурасы алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм айтты.
Виза мерзімін ұзарту қаралып жатқан жоқ. Бұл болашаққа арналған жоспар. Бірақ біз Қазақстан үкіметімен ұзақ мерзімге виза беруді қалай жақсартуға болатынын талқылап жатырмыз. Бірақ бұл екі жақты кіру болуы керек. Біз қазақстандықтарды Америка Құрама Штаттарына, ал америкалықтарды Қазақстанға шақырамыз, бұл елдер арасындағы достық қарым-қатынастардың кепілі болады. Қазір біз жасап жатқан шаралардың кейбірі визаны күту уақытын қысқартады,
деді Розенблюм.
Оның айтуынша, бұған дейін виза берудегі сұхбаттасу маңызды сақтық шарасының бірі болып келді.
Нақты пайызды айта алмаймын, бірақ туристік визамен кетіп, сол жерде жұмыс істеп қалған, виза мерзімі біткеніне қарамастан қалған жағдайлар да жиі кездесті. Сондықтан әңгімелесу кезінде біздің консулдар адамдардың заңның сақталуына көз жеткізу үшін өте қиын сұрақтар қояды,
деді ол.
Сонымен бірге ол екі ел Астана мен Нью-Йорк арасында тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделі екенін айтты.