ФТБ теракт нұсқасын қарастырып жатыр. Жарылғыш заттары бар көлік жүріп келе жатып, жарылған. Жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, шекара қызметінің қызметкері жараланған.
Жарылыс болған жерде барлау агенттіктері Иран азаматының төлқұжатын тапты, ол көлік тізгінінде болған деген нұсқа айтылады.
Кейіннен ел билігі мәлімдеме жасады. «Көлікте бомба болғанына дәлел жоқ, өйткені алғашқы тінту кезінде жарылғыш зат немесе құрылғы табылған жоқ», — деп жазады Sky News құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап. Нью-Йорк губернаторы «террористік шабуылдың да белгісі жоқ» дегенді айтқан.