АҚШ Рамзан Қадыровқа жаңа санкция салды

АҚШ Украинадағы соғысқа байланысты Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа қарсы санкциялар енгізді. Бұл тізімде Қадыровтың үш қызы мен үш әйелі де бар. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.

Санкциялар тізіміне барлығы 22 жеке және екі заңды тұлға енгізілген. Олардың ішінде: Ресей президентінің көмекшісі Максим Орешкин, ұлттық төлем карталары жүйесінің бас директоры («Мир» карталарының операторы) Владимир Комлев, балалар омбудсмені Мария Львова-Белова және Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің басшысы Виктор Жидков.

Херсон және Запорожье облыстарының оккупациялық әкімшіліктерінің басшылары Владимир Рогов пен Евгений Балицкий, Украинада соғысып жүрген «Русич» ультра оңшыл тобы мен оның басшылары Алексей Милчаков пен Ян Петровский де осы шектеулерге ұшырады.

  • 2020 жылдың шілдесінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Рамзан Қадыровқа Шешенстандағы адам құқықтарын өрескел бұзуға байланысты санкциялар енгізген еді. АҚШ билігінде Қадыровқа қатысты тың деректер жиналған деседі. Ол адам құқықтарын бұзып, оның ішінде азаптау және соттан тыс өлім жазаларын қолданды деген ақпарат бар.
  • 2017 жылы АҚШ Қаржы министрлігі Кадыровты «Магнитский» тізіміне енгізді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Шешенстан басшысының сот шешімінсіз ауыр жазалар қолданып, адамды азамтап, олардың құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago