Ресейлік олигарх Константин Малофеевтің бұғатталған қаржысы Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады. АҚШ мұндай шешімнің бірінші рет қабылданып отырғанын, дегенмен соңғысы да емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі, яғни 10 мамырда АҚШ бас прокуроры Меррик Гарленд санкция салынған ресейлік активтерді Украинаны қалпына келтіруге жұмсауға алғаш рет рұқсат берді.
Бұл АҚШ соты санкциялардан жалтарды деген айыппен тәркілеген ресейлік олигарх Константин Малофеевтің қаржысы екені атап өтілді. Қаржы 2022 жылдың желтоқсанында қабылданған бюджеттік түзетуге сәйкес Украинаға беруге рұқсат етілді.
Өткен жылы АҚШ әділет министрлігі ресейлік олигарх Константин Малофеевті «Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін салынған санкцияларды бұзды, соның ішінде Қырымдағы ресейлік сепаратистерді қаржыландырды» деп айыптады.
Сонымен бірге, Гарленд «Малофеевтің санкцияларды бұзуына байланысты америкалық қаржы институты есепшотындағы миллиондаған доллардың бұғатталғанын» жариялады.
Еске салайық, наурыздың соңында Ресей Федерациясының активтерін Украинаға беру бойынша ЕО комиссиясының жұмысы басталған болатын.