Оқиға сәрсенбінің кешінде Мэн қаласында болды. 60-қа дейін адам жарақат алды, дегенмен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз, деп жазады CNN. Fox News мәліметтері бойынша 22 адам қаза болды.
Алдымен белгісіз адам боулинг клубында атыс шығарған, содан кейін барда адамдарға оқ жаудырған.
Мэн полициясы Льюистон қаласында оқ атқан атқыштың жеке басын анықтады. Оның аты Роберт Кард, 40 жаста.
Жаңа мәліметтер бойынша, кем дегенде 22 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алған.
Полиция әлі де күдіктіні іздеп жатыр, ол қарулы және өте қауіпті екені ескертілді.