Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
01.12.2023
Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
01.12.2023
70 жастағы әжей егіз бала тапты
01.12.2023
Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
01.12.2023
«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген
01.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > АҚШ-тан асып түсу немесе оның орнын басу ойымызда жоқ — Си Цзиньпин
Саясат

АҚШ-тан асып түсу немесе оның орнын басу ойымызда жоқ — Си Цзиньпин

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 16.11.2023
Обновлено 16.11.2023 в 05:11
Поделиться
Поделиться

Вудсайд қаласында АҚШ пен ҚХР делегациялары арасында жабық есік жағдайында өткен төрт сағаттық келіссөзде Джо Байден мен Си Цзиньпин қандай мәселелерді талқылағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Тараптар негізгі мәселелердің бірі – әскери ведомстволар арасындағы байланысты жаңғырту бойынша келісімге келді. Бұл механизм қателіктер мен байқаусыздар әскери қақтығыстың шығып кетуіне жол бермеуі керек.

Екі ел 2022 жылдың тамызында АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барғаннан кейін үзілген байланысты қалпына келтіріп жатыр.

Сондай-ақ фентанил есірткісінің заңсыз таралуымен күресуде тараптардың көзқарасы ортақ. Олар фентанилге арналған прекурсор өндіретін нақты бір компанияларға ықпал етіп, олардың санын қысқарту жоспары бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын есірткінің осы түрінен он мыңдаған америкалық қаза табады.

Сонымен қатар тараптар жасанды интеллект пен климат мәселелерімен бірігіп жұмыс істеуге келісті.

Күн тәртібіндегі күрделі мәселе – Тайвань болды. Қытай көшбасшысы Америка-Қытай қарым-қатынасында Тайвань үнемі «ең маңызды әрі нәзік мәселе» болғанын атап өтті. Си Цзиньпин АҚШ-ты Тайваньді қарумен жабдықтауды тоқтатып, «Қытайдың бейбіт жолмен бірігуін» қолдауға шақырды.

Ал америкалық тарап Қытайдан Тайваньда 2024 жылдың қаңтарында өтетін сайлау алдындағы процеске құрметпен қарауды сұрады.

Сонымен қатар Джо Байден ұсталған АҚШ азаматтарына, адам құқықтары мен «Оңтүстік Қытай теңізіндегі мәжбүрлі іс-қимылға» қатысты Қытай әрекетіне алаңдап отырғанын жеткізді.

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Құрама Штаттарды «Қытайды басып тастауды немесе ұстап тұруды жоспарламауға» шақырды.

Құрама Штаттардан асып түсу немесе орнын басу Қытай жоспарында жоқ, сол себепті АҚШ-тың Қытайды басып тастау немесе ұстап тұруды жоспарламағаны абзал. Екі тарап та бір-бірінің принципі мен түпкі мақсатын түсінуі керек, алауыздық пен мәселе тудырмай, шекарадан өтпей, оның орнына жиірек диалог пен пікірталас өткізіп, келіспеушілік пен қайғылы оқиғаларға сабырмен қарау қажет,

деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Калифорниядағы кездесуі тік және екі басшы арасындағы пікірталасқа толы болған.

Тараптар өзара құрмет көрсету, бейбіт өмір сүру, байланысты сақтап тұру және қақтығысты болдырмау қажет екенін атап өтті.

Атлантикалық кеңестің Еуразиялық орталығының ғылыми қызметкері Марк Темницки (Mark Temnycky) кездесу жаһандық инфляция, әлемдік азық-түлік дағдарысы мен басқа да халықаралық мәселелерге қарсы күрес тәсілдерін іздеп жатқан кезде, шиеленіске толы тарихи сәтте өткенін айтты. Екі ел арасында бұған дейін түсініспеушілік болғанына қарамастан, әлем көшбасшылары екі ірі державаның қарым-қатынасын жақсартуға ниетті. Сонымен қатар сарапшы әлемдегі күрделі жанжалдарды шешуде АҚШ-қа Қытайдың ықпалы қажет екенін атап өтті.

Си Цзиньпин «Жер ғаламшары үлкен, екі ел де жетістікке жете алады» деп түйіндеді сөзін.

ТЕГи: Геосаясат
Анара Бауыржанқызы 16.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
  • Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
  • 70 жастағы әжей егіз бала тапты
  • Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
  • «Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Шетел басылымына шолу

70 жастағы әжей егіз бала тапты

01.12.2023
Қоғам

Cұлулық байқауының қатысушылары интимдік қызмет көрсетіп келген

01.12.2023
Саясат

Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

30.11.2023
Денсаулық

167 мемлекетте қызылша ауруының көрсеткіші өскен

30.11.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?