Алматы, Құлагер ықшам ауданындағы емханада процедурный кабинет бар, бірақ медбике жоқ.
1 сағат күтіп, шыдамым жетпей, жақын маңдағы ақылы ем-шара кабинетіне келсем, кезек қырғын.
Шағын ғана бөлмеде 4 кушетка әрең сыйып тұр. Система алушылар 1-2 сағаттап жатыр, дәлізде оларды күтіп 4-5 адам тағы отыр… менен кейін тағы 5-6 адам «тірі» кезекте.
Үкімет пен партия, министр Ажар Ғинаят па еді, кім еді, мәмс-сәмістеріңмен қосып бір шыбықпен айдаса ғой…
Мәмс деп халықтан ақшаны бір аласыңдар, бюджеттен екі аласыңдар, жарымай қалғырлар, халықты тәуір медицинаға бір жарытпадыңдар ғой!
Анау учаскелік емханамыздағы мамандарға кіру үшін талонды он күндеп, талоннан кейін маманның қайта қабылдауын тағы апталап-айлап күтіп, элементарно укол салатын ем-шара медбикесінің кезегіне жазылып, оны тағы апталап күтіп, итің шығып жүргені сол.
Медсестраның білімсіздігі ме- айналдырған үш уколдың «екеуін осы апта ал, системаны келесі апта ал» дейді. Укол, система дегенді «комплексное лечение» үшін бірге тағайындайтын шығар?
Айтпақшы, ақылы укол (1 ине сұққаны) — в/м — 500 тг, система — в/в — 800 тг.
Әр науқас күніне, кемінде, 2 штуктан укол, 1 штук системаны, кемінде, 5 күн алады…
Денсаулық министрінің халыққа қатынасы — ақшасы барлар ем алады, ақшасы жоқтар өле берсін деген қатынас,
деп жазыпты Сәуле Әбілдаханқызы.