АӨСШК мүше мемлекеттері басшысы Астанада АӨСШК процесінің 30 жылдығына орай мүше елдер ынтымақтастығының бағытын белгіледі. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Трансформация процесінің алғашқы қадамы ретінде мынадай шешімдер қабылданды:
(1) мемлекет немесе үкімет басшыларының кездесуі (Саммит) және Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (министрлер кездесуі) бұдан былай тиісінше мемлекет немесе үкімет басшыларының кеңесі (Саммит) және сыртқы істер министрлерінің Кеңесі (Министрлер Кеңесі) деп аталады;
(2) АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры бұдан былай Бас хатшы деп аталады;
(3) Хатшылық мүше мемлекеттерге төрағалық арқылы тиісті басқарушы органдардың бекітілуіне АӨСШК-нің тиісті құжаттарына түзетулер бойынша ұсыныстар енгізеді.
Мүше мемлекеттер трансформациялық процестің элементтерін (қашан және бұл орынды болған жағдайда), оның ішінде мүшелік критерийлерін анықтайды. Осы бағытта нақты ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында біз Бас хатшының қолдауымен Төрағалық етуді және мүше мемлекеттермен тығыз үйлестіре отырып, 2023 жылы мүше мемлекеттердің қарауы үшін трансформация процесін іске асырудың қажет шараларының жол картасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуді сұраймыз,
делінген Астана мәлімдемесінде.
Астана мәлімдемесінде төрағалықтан министрлер кеңесі мен мемлекет және үкімет басшылары кеңесінің келесі кездесулеріне трансформациялық процестің барысы туралы есеп беруді сұрайтыны жазылған.