Үкімет Ақтөбе облысының бір бөлігін West Precaspian Company мұнай компаниясына берді. Онымен бірге бүкіл Ақтолағай үстірті де компания иелігіне өтті, деп жазды Aktobe Times.
2022 жылдың 22 тамызында West Precaspian Company 3067 шақырымды алып жатқан Шұңқыркөл геологиялық учаскесінде мұнай өндіруге рұқсат алған. Басылымның жазуынша, мұнай компаниясы үстірттің оңтүстік-шығысындағы Шиелісай тұзды күмбезіне де қызығушылық танытып отыр.
2006 жылдан бастап Ақтолағай туристік нысан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар тізіміне енген. Егер бұл жақта мұнай өндірілетін болса, барлау жұмыстары бүкіл үстіртті жарып не шайқап жіберуі мүмкін.