Categories: Оқиға

Ақтөбеде Қарғалы арнасынан асып, 116 адам эвакуацияланды

Қазіргі уақытта Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында Ақтөбе облысы ТЖД күштері мен құралдары саяжай учаскелерінен алдын ала 116 адамды, оның ішінде 44 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Оқиға орнындағы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Даладағы қар еріп Жаман Қарғалы өзенінің арнасын толтырды және ауа-райының жылы болуына байланысты бүгінде осы өзендегі су деңгейі көтерілді. Қазір біз судың үйге кіруіне жол бермеу үшін барлық қажетті шұғыл шараларды жүргізіп жатырмыз,

деп Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков хабарлады.

Полиция органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырды.

Ұлттық ұланның күшімен үй маңындағы аумақтарға инетті материал салынған 300 қап төселді.

Ақтөбе қаласының әкімдігі 3 уақытша эвакуациялау пунктін ашты, онда 87 адам, 29 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 30 наурызда Қарғалы өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында саяжай учаскелері су астында қалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago