Ақтөбеде Димаш Құдайберген бейнеленген мурал пайда болды

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы шығармашылық бюросының ұжымы мен Q88 урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен қала ортасын жақсарту бойынша креативті жобаларды іске асыруда. Олардың бірі Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлерге қабырға суреттерін жасау. Сөйтіп, облыс орталығындағы үйлердің бірінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ғана емес, әлемдік музыка өнерінің майталманы атанған қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің алып бейнесі пайда болды.

Суретшілер Димаштың Ақтөбе қаласында туғанына байланысты оның муралын туған жерінде салуды жөн көрді. Әншінің шығармашылығы мен жетістіктері Алматы шығармашылық бюросының командасын және Q88 Urban қауымдастығын поп-арт стилінде эскиз жасауға шабыттандырды.

«Муралды салу барысында суретшілер ыстық температурада бұзылмайтын граффитиге арналған арнайы спрей бояуларын пайдаланды. Сондықтан қабырға суреті қала тұрғындарын мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы қуантады. Кескіннің биіктігі 9 қабаттан жоғары, 18 метрден кем емес»,

дейді жобаның бастамашылары.

Авторлар Димаштың тұлғасына байланысты жылулық, позитивтілік және жақсы эмоцияларға толы жарқын композиция ауа-райының ең қатал күндерінде де қала тұрғындарын қуантады деп сенеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago