Ақтөбеде қоқыс жәшігін тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері 38 жастағы жұмысшы әйелдің үстіне құлаған.
Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Сәңкібай батыр даңғылында болған. Зардап шеккен әйел Көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізіліп, алған ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.