Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты.
Оның сөзінше, осы уақытқа дейін 1249 адам сотталған. Олардың басым бөлігі ұрлық жасағаны үшін, қару-жарақ ұрлағаны үшін және тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айыпталған.
160 адам бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына жеңілірек жаза тағайындалды,
деді Тимур Тәшімбаев.
Сонымен қатар, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК басқа да басшыларына қатысты істер сотқа жіберілді. Олар «билікті басып алуға әрекеттенді, мемлекетке опасыздық жасады және билікті асыра пайдаланды» деп айыпталған.