Қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғаушыларға тергеу изоляторларында азапталған 190 адам шағымданған. Оның 13-і — жасөспірімдер, 12-і — әйелдер. Бұл туралы Бала құқығын қорғау жөніндегі қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобының үйлестірушісі Роза Ақылбекова мәлімдеді, деп Азаттық хабарлады.
Ақылбекова 8 балаға құқыққорғаушылар тарапынан заңгерлік және қаржылай көмек берілгенін айтады. Дегенмен кей бала қорыққаннан шағым жазбаған.
Бұлтартпау шарасын өзгерткеннен кейін жағдайды ұмытуға тырысып, көрінбей кетті,
деді ол.
Құқыққорғаушының айтуынша, халықаралық стандарт бойынша балаларға үнемі гуманитар шара қолданылуы керек.
Инспекторларды, криминалистерді жауапқа тарту керек. Бұл балалардың ешқайсысымен Алматыда, Талдықорғанда ешкім жұмыс істемеген. Егер тірі қалса, дене жарақаты басылады, ал психологиялық жара өмір бойы қалады. Азаптауға ұшыраған балаларға реабилитация ауадай қажет. Реабилитация туыстарына да керек, олар да шошып қалған,
деді Ақылбекова.