Өтініштер 2023-2024 оқу жылынан бастап қабылданады.
Грант ұсыну мерзімі мен шарттары жайлы ақпарат қор сайтында 1 маусымға дейін жарияланады. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.
Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың балалары мен жарақат алған балаларға білім гранттары тек бакалавриатқа ғана емес, колледжде де оқу үшін беріледі.
Ағымдағы оқу жылында бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылды жерден 2 267 студент білім гранттарына ие болды, олар еліміздің 85 жоғары оқу орнында білім алуда. Сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық студенттер үшін ай сайынғы материалдық қолдау (стипендия) қарастырылған,
деп көрсетті қордың баспасөз қызметі.
Жараланған балалардың (13 бала) және қайғылы қаңтардағы оқиға кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының (238 адам) тізімі Қордың ресми сайтында жарияланған бағдарламаға қосымшамен бекітілген.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес оқу ақысы әрбір өтініш беруші бойынша бір оқу жылына 1 млн теңгеге дейінгі сомада жоғары оқу орындарында және ТжКБ мекемелерінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту 4 жылға дейін оқу болады деген есеппен жүргізіледі.
Осылайша Эндаумент қорында балалардың (ҚР қаза тапқан азаматтары балалары мен жараланған балалардың) ашық арнайы шоттарында Қордың qazaqstanhalqyna.kz цифрлық порталында өтінім тіркелген әрбір балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталатын болады.
«Қазақстан халқына» ҚҚ гранты ТжКБ және жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға бір рет беріледі және екінші жоғары білім алуға грант қарастырылмаған.