Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
28.09.2023
Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
28.09.2023
Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
28.09.2023
Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды
28.09.2023
Сақал және хиджабпен күресетіндерге ақшалай сыйақы беріледі
28.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қаңтар оқиғасы: қоғам ескертусіз оқ ату мен ұсталғандарды азаптауға қарсы
Қоғам

Қаңтар оқиғасы: қоғам ескертусіз оқ ату мен ұсталғандарды азаптауға қарсы

Наргиза Аршидин
Наргиза Аршидин 08.02.2023
Обновлено 08.02.2023 в 12:02
Поделиться
Поделиться

DEMOSCOPE бюросы Қаңтар оқиғасына қатысты сауалнама жүргізді. Оған 1047 адам қатысты.

Сауалнамаға сәйкес, азаматтың 71,1%-і Тоқаевтың Қаңтар оқиғасы кезінде ереуілге шыққандарға ескертусіз оқ ату туралы бұйрығын қолдамайды. Ал 11,3%-і, керісінше, дұрыс шешім деп ойлайды. 11,1%-і жауап беруге қиналса, 6,5%-інің бұл туралы мүлдем хабары жоқ.

Қазақстандықтың 71,6%-і азаптауға қарсы. 7,1% азамат бұл әрекетті қолдап, ақтап алуға тырысса, 12,5%-ы сұраққа жауап бере алмаған. 8,8%-і ештеңе білмейтінін жеткізді.

Қоғам пікірінің негізгі көрсеткіші – Қаңтар оқиғасына қатысты ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа халықтың сенімі. Ал қазақстандықтардың жартысынан көбі (53%) биліктің дерегіне сенбейді. Олардың 30,8%-і мүлдем сенбеймін десе, 22,2%-і сенбейтін тәріздімін деп жауап берген. Ал азаматтардың үштен біріне жуығы (29,6%), керісінше, ресми ақпаратқа иланады. Олардың 13,7%-і толықтай сенемін десе, 15,9%-і сенетін сияқтымын деп дүдәмал жауап берген.

Қаңтар оқиғасына қатысты қоғамда бірыңғай пікір жоқ екені белгілі. Қазақстандықтардың үштен бірінен көбі (37,9%) бұл – кейбір саяси күштердің елдегі билікті басып алу үшін ұйымдастырған провакациясы екеніне сенімді. 27,7%-і оны кей жерлерде тәртіпсіздік пен тонауға ұласқан бейбіт қарсылық шарасы деп есептейді. 14,6% азамат елге жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан лаңкестер шабуыл жасады десе, 3,8%-і оқиғаның себебі басқа деп ойлайды. 15,9% тұрғын жауап беруге қиналған.

Жағдайды реттеу үшін билік көп жерде халықты күшпен тарату әдісін қолданды. Ол, керісінше, ереуілге шыққандардың қарсылығы мен наразылығын күшейтіп жіберді. Десе де, сауалнамаға қатысқандардың 42,2%-і қарсылықты күшпен басу орынды деп есептейді. Ал 36,8% респондент —  күш қолдануға қарсы. 

Тоқаевтың ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) әскерін кіргізу шешімі де резонанс тудырды. Сауалнамаға сенсек, қазақстандықтардың көбі президенттің қадамын мақұлдамаған. Сауалнама қатысушыларының 43,6%-і ҰҚШҰ контингентін кіргізуін қолдамаса, 36,8%-і бұл шешімді дұрыс деп тапқан.

Кей қалаларда жанжалды реттеу үшін әкімдер халық алдына шығып, келіссөз жүргізбек болды. Респонденттерді көбі (64,8%) мұны дұрыс деп есептейді. Керісінше, 14,6%-іне мұндай қадам жөнсіз көрінген.

Сонымен қатар Алматы мен Астанадағы тәртіпсіздіктерді басу үшін билік толығымен интернетті өшіріп тастады. Бұл азаматтардың болып жатқан оқиға туралы ақпарат алуын шектеді. Интернетті өшіруге қатысты азаматтардың пікірі екіге жарылғаны түсінікті – қазақстандықтардың 44%-ң толық шатдаунды мақұлдамаса, 43,2%-і қолдайды.

Сондай-ақ DEMOSCOPE сауалнама аясында Қаңтар оқиғасын бастан өткерген азаматтардың оқиғаны эмоционалдық тұрғыдан қабылдауына талдау жасады. Респонденттерден Қаңтар оқиғасын еске алғанда қандай сезімде болатыны сұралды. Сауалда таңдау көп. Сонымен қазақстандықтардың көбі қорқыныш пен уайым (33,3%), аяу (26%), қайғы (13,5%), көңілі толмау (8,2%), көңілі қалу (6,1%), әділетсіздік (5,6%) және ашу (3,7%) сезімдерінің жетегіне ереді.  2%-тен азы тітіркену, немқұрайлылық, жек көру, агрессия сезінеді. Респонденттерде мақтаныш пен сенім сезімі сирек кездескені түсінікті.

Қайғылы Қаңтар оқиғасы заманалы Қазақстан тарихындағы ең қанды қарсылық шарасы болды. Рефлексия мен түсінудің маңызды кезеңі – жауаптыларды іздеу. Азаматтардың үштен бір бөлігіне жуығы (28,4%) қаңтардағы қарсылықтың қанды оқиғаға ұласуына мемлекеттің жоғары басшылығы (президент пен президент әкімшілігі) бәрінен бірінші жауапты деп есептейді. Ал 21,3%-і трагедияға азаматтардың өзі кінәлі деген пікірді айтты. 11,3%-і құқық қорғау органдарын кінәласа, 5,2%-і жергілікті әкімдерді айыптайды. 10,5%-і оқиғаның себебі басқада деп есептейді.

Сауалнамада азаматтарға кейінгі жылы елде қандай да өзгеріс байқадыңыз ба деген сұрақ қойылды. Респонденттердің көбі (39,3%) айтарлықтай өзгеріс байқамаған, бірақ болатынына сенеді. Сол шамадағы азаматтар (24,6%) оң өзгерістер анық көрініп тұр деп жауап берді. 6,5%-і жағдайдың бұрынғыдан да нашарлап кеткеніне сенімді.

Соңында Қаңтар секілді оқиғалар болашақта қайталануы мүмкін бе деген қорытынды әрі маңызды сұрақтардың бірі қойылды. Респонденттердің 31%-і мұндай оқиғаның қайталану мүмкіндігі 50/50 деген пікір айтты. 36%-і қайталану мүмкіндігі өте төмен десе, 13,7%-і, керісінше, оқиғаның қайталану қаупі жоғары деп ойлайды.

а сенбейтінін және қайғылы оқиғаға жоғарғы билік пен құқық қорғау органдарын кінәлайтынын көрсетті. Қоғам ескертусіз оқ ату мен ұсталғандарды азаптауға қарсы. Оқиғаға бір жыл өтсе де қазақстандықтар еске алғанда әлі де қорқыныш, уайым, аяныш пен үрей сезінеді,

деп түйіндеді бюро.
ТЕГи: Главное, Қазақстан
Наргиза Аршидин 08.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
  • Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
  • Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
  • Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды
  • Сақал және хиджабпен күресетіндерге ақшалай сыйақы беріледі

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Атақ және ақшаСпорт

Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды

28.09.2023
Экономика

Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?

28.09.2023
ҚоғамДін

Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді

28.09.2023
Қоғам

Сақал және хиджабпен күресетіндерге ақшалай сыйақы беріледі

28.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?