Амнистияның тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы барлар мен басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке сатқындық жасап, билікті күшпен ауыстырғысы келгендерге қатысы жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді.
Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр
Президент қаңтарда ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де өз азаматтарымыз екенін айтты.
Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс
Алайда, амнистия тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы барлар мен басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке сатқындық жасап, билікті күшпен ауыстырғысы келгендерге қатысы болмайды.