Бас прокурор Берік Асылов жауап берді.
Қаңтар оқиғасы 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні басталды. Әртүрлі ақпарат тарады, жалған ақпарат та болды. Сегіз қалада көптеген нысан өртеніп, әкімдіктер өртеніп жатты, әртүрлі дереккөздерден түрлі хабарлама, соның ішінде дұрыс емес ақпарат түсті. Прокуратура барлық мәліметтерді егжей-тегжейлі тексерді. Мұндай факті расталмады.
20 мың террорист келді деген ақпарат түсіп жатты. Сол кезде қылмыскерлердің әрекетінен шынымен де солай көрінді. Азаматтардың ішінде шетел қылмыскерлері туралы — қырғыз, өзбек, әртүрлі тілдерде сөйлейтіні жөнінде де ақпарат тарады. Сол себепті шынымен де шабуыл жасаушылардың барлығы лаңкестер сияқты көрінді.
Террористік акт жасаған адамдардың барлығы террорист болып саналады. Оған сақал қойып, автоматпен жүгіру шарт емес.
Тіпті тергеу жүргізіп жатқанда көптеген құқық қорғау органдары да менен «Бұл лаңкестер қайда?» деп сұрады. Қоғамда да осындай сұрақ пайда болды. Бірден айта кетейін, лаңкестер өздерін террорист деп ресми түрде жариялаған жоқ. Олардың қиратып-өртенгенін, әкімдікті алғанын – барлық әрекетін террористік акт деп есептейміз және террорист деп санаймыз.
Президентке осындай ақпарат жеткізілді, тіпті Мемлекет басшысы осылай мәлімдеген де еді. Алайда Бас прокурор мұның барлығын жоққа шығарды.