Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы сапары барысында Қаңтар оқиғасы кезіндегі батыс өңірінің тұрғындарының әрекеті үлгі болғанын айтты.
Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде сіздер ел тағдырына жауапкершіліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Сол күндерде мұнда адам өлімі болған жоқ. Мемлекеттік және қоғамдық орындар шабуылға ұшыраған жоқ. Елге жанашырлық деген – міне, осы! Шын мәнінде, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ,
деді президент.