Жазаны атқарушы органдар 878 сотталғанға қатысты соттарға мерзімін қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныс жолдаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
Тергеу органдары сотқа дейінгі сатыда ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Қалған адамдар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады, оларға рақымшылық сот қолданылады. Олар тағайындалған жазалардың мөлшерін қайта қарайтын болады,
деді Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, рақымшылыққа ілінгендердің жалпы саны — 1,5 мыңға жуық адам.