Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс отырысындағы баяндамасынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Журналистер «Кәрім Мәсімовті бас ұйымдастырушы дей аламыз ба?» деп сұрады.
Иә, солай айтуға болады,
деді Асылов.
Сонымен қатар, Асылов ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша жауап алынғанын хабарлады. Ал қазір ол куәгер мәртебесінде.