Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыппұл төледі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Шамұрайт Шәменов мәлімдеді.
Басқарма басшысының мәліметінше, лауазымды тұлға қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра кәсіпкерлік қызметті ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 154-бабының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған. Бұл үшін әкім орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды.