Ақтау жағалауындағы архитектура қоршауының көп бөлігі қираған.
Lada.kz басылымы мәліметінше, 14 шағынауданы тұрғындары белгісіз вандалдардың бұл әрекетіне ашулы.
Ақылға қонымсыз. Не нәрсеге жеттік. Архитектураны бұзғаннан басқа айналысатын іс жоқ па? Шенеуніктер де жағалауда не болып жатқанын білмейтіндей, басқа әлемде өмір сүріп жатқан сияқты,
деп ашынды 14 шағынауданы тұрғыны Тамара.
Бұл тек 14 шағынауданындағы жағдай емес. Жағалаудың көп бөлігінен осындай қираған, бұзылған балюстрадаларды байқауға болады.


