Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демаласында болған.
Тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні сағат 03.50 шамасында 17-шағын ауданда полиция қызметкері мойын тұсынан пышақталған. Ол жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, алайда есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Lada.kz.
Марқұм Ақтау ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы болып істеген. Оқиға кезінде еңбек демалысында болған.
Полиция департаменті бұл фактіні растады.
Оны өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қаза тапқан азамат 26 жаста. Маңғыстау облысында туған, отбасы бар. Артында 3 баласы қалды.