Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіндегі бетон маңдайшасы опырылып, бір адам қаза тапты. Сондай-ақ екі адам жарақат алды.
Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, 11 мамырда қаладағы 9-шағынауданға қарасты №4 үйде болған.
Аурухана өкілдері зардап шеккендердің екеуі қазір медициналық тексеруден өтіп жатқанын, біреуінің аяғы сынғанын мәлім етті. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің мердігер компанияның қызметкерлері екені белгілі болды. Ер адамдар бетон қалқаны жөндеп жатқан.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.