Екі қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп Lada.kz хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 29 қарашада 13:15 шамасында Ақтау қаласындағы 31 «А» және 31 «Б» ықшамаудандары арасында болған.
Полицияның мәліметінше, Nissan X-Terra көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан бес және алты жастағы екі қызды қағып кеткен. Олардың жанында бірінің анасы болған. Екі қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда баланың бірі қайтыс болды.
Екінші жарақат алған қызда ісінген, көзінің астында қара шеңберлер бар. Балтыр аймағы сырылған. Аяқ саусақтары жылы, сезеді. КТ және рентгенография жасалды, жарақаттық өзгерістер анықталмады. Травматология бөліміне жатқызылды. Науқасқа жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды,
деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда мұқият болуды ескертті.