Ақтаудан еркін күрестен әлем чемпионы Камиль Куруглиев Маңғыстау облысындағы ауылдық спортзалға миллион теңге сыйлады, деп хабарлайды Lada.kz.
Осы маусымда Қызылсай ауылының жас спортшылары Ақтауға күрес бойынша бірлескен жаттығу залына келді. Әңгіме барысында олардың тіпті күресуге кілемі жоқ екені белгілі болды. Олар каратэге арналған ескі татамиде жаттығады екен.
31 шілдеде Куруглиев Римде өткен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін алматылық бизнесмен және қоғам қайраткері Ерлан Қожасбаев спортшыға миллион теңге сыйлады.
Осы ақшаға балуан Қызылсай ауылының жас спортшылары үшін еркін күрес секциясына балуандық кілем сатып алуға шешім қабылдады. Белгілі болғандай, күреске арналған кілем жеткізіліп қойған.
Камиль — қазақстандық еркін күрес палуаны, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Магомед Куруглиевтің ұлы.