Маңғыстау облысының бірнеше ауданының тұрғындары ыстық су жоқ екеніне шағымданды.
Кеше түнде достарымыздың үйінде тоқтап қалды. Енді біреулерде таңғы 4-те өшкен. Барлығы жұмысқа, мектепке, балабақшаға баруы қажет. Бұл не мазақ?!,
деді Ақтау қаласының төртінші шағынауданының тұрғыны Lada.kz-ке.
Қалаға қызмет көрсететін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ыстық судың тоқтауын растап, себептерін атап өтті.
Ақтау қаласында ыстық суды тұтыну көлемінің артуына байланысты резервуарлардағы судың қажетті деңгейін ұстап тұру, қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және жылу жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық суды пайдалану уақытша тоқтатылды,
деді энергокомпания.
Алайда тұрғындар олардың бұл уәжіне сене қоймады.
Судың тоқтауы шынымен Екібастұздағы жағдайдың қайталанбауымен байланысты ма? Сонда бұған дейін қайда қараған? Тарифтер бағасы өсті. Сонда халық бір күні сусыз қалу үшін төлеп отыр,
деп шағындады тұрғын.
Ақтауда бүгін -2 градус.