Ресей Федерациясы жалға алған қазақстандық Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынылды.
Жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға өз еркімен қатысуға ниет білдірген және Байқоңырда тұратын әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленді,
делінген қалалық Басқарманың сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтарының шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуы «тиісті заңнамада және республика ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады».
Ал қазақстандықтың басқа мемлекеттің аумағындағы соғысқа қасақана заңсыз қатысқаны үшін жалдамалылық белгілері болмаған кезде 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.