Осы күндері әлеуметтік желілерде Абай Құнанбаев төңірегінде түрлі аңыз-әңгімелер тарай бастады. Кейбір зерттеушілер Абай мұрасы алаш арыстары шығармаларының жинағы дегенді айтып жүр. Бұл тұжырым қоғам қайраткерлері арасында біраз дау тудырған еді. Абайдың туған күнінде журналист Серік Хасенов ақын төңірегінде ой толғады.
«Осы күні Абайдың сыртынан не айтылмады? «Абай деген адам болдыма?» деген сұрақ төтесінен қойылып жүр. Ол нені білдіреді?! Ол — Абайдың үлкен сенімге айналып кеткенінің белгісі. Сену мен сенбеудің, сенім мен күмәннің арасындағы мәңгілік күш секілді құпия әлемге айналып кеткенінің белгісі шығар…
Біз «Абай деген адам болған жоқ» десек, не ұтамыз? Жарайды, оны Әлихан жасап шықты делік. Содан? Ол Әлекеңнің екінші болмысы болғанның өзінде, Абай деп әспеттеуге лайық болмыс емес пе?!
Талас неден туды? Оны да білмейді. Бір білерім біз Абайды құртқаннан Абайдың ештеңесі кетпейді, сорлайтын өзіміз. Менің өзіме осы Абайдың таласынан рушылдық пен жершілдіктің иісі мүңкіп тұратын сияқты кейде.
Бұл ақылды күшке жығып беру. Әйтпесе Махамбетте ақылдың адамы, күші мен қылышын көрінген боққа шапқан ақымақ емес. Заманы солай болды…
Әйтпесе «Шыңғыс ханды биік қоям Әл-Фарабидан» деп те айта салуға болатын дүние. Сол Шыңғыс хандар осы Әл-Фарабилер жаққан шырақтың, өркениеттің кіндігінен балта шапты ғой. Бүгінгі ұрда-жық парасатсыз хәліміз соның кесірі. Кешегі Алаштықтарға араша түспеген, өз зиялысынан тамақты артық қоятын қоғам содан туды… әлі жалғасып келеді…
Осы күнгі капитализм мен дипломатияның тіліне салып айтсақ. Мынау әр қаладағы Абай көшелері мен ескерткіштерін не істемекпіз сонда?
Алыс-жақын шет елдегілер құрмет көрсетіп бас ақындарың деп көрсеткен сый-сыйапат не болмақ? «Кешірерсіздер, біз қателесіп қалыппыз Абай деген адам болмапты мынаның бәрін құртып жіберіңіздерші, кейін бір басқа адамның атын айтып жіберерміз» демекпіз бе?
Қалай десекте Абай үлкен сенім межесіне айналды. Оған сенбеуге де, күмәнменде қарауға болады… сенуге де, ұлықтауға да болады.
Ол сол үшін Абай…
«Өзіңіз жайлы аңыздар жасаңыз. Құдайлар солай бастаған» дейді, Ежи Лец. Мүмкін Абайдың да айналасынан аңыздың азаймауы содан шығар».