Кеше басталған орман өртінің салдарынан 3 елді мекеннің тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр.
«Семей орманы» табиғи резерватының аумағында 2000 гектар жер өртенген. Қазір Успенское, Поднебесное, Барышевка ауылдарының тұрғындарына қауіп төніп тұр.
Өртті сөндіру үшін ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техника жұмылдырылды.
4 тікұшақ тартылды. Өрт аумағын аэровизуалды тексеріп, өрт ошақтарына су шашып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес, күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді.
Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы білім беру мекемелеріне эвакуациялық пункттерді орналастырды.