Айдос Тоғызбаев. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысында өрт сөндіруші қызмет кезінде қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 13:35-те 112 кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына барған өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті.
Өртті сөндіріп жатқанда автоцистерна Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ-дан (12 текше метр) су алып жатқан. Осы кезде жел бағыты өзгеріп, өрт енді автоцистерна жақтағы аумақты шарпыған. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары түгел жабылып қалған, өйткені биіктігі екі метр қараған ағашы өртенген.
Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, өртеніп жатқан жерден шұғыл кетпекші болған. Автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті,
делінген хабарламада.
Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өртсөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды.
Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды. Айдос 36 жаста еді. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды,
делінген ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Айдос өз ісінің маманы ретінде әріптестердің есінде мәңгі қалады. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді. Абай облысы ТЖ департаментінің психологтары өрт сөндірушінің туыстарына көмек беріп жатыр,
делінген хабарламада.
Өрт аумағы 500 гектарға жеткен. Өрт 8 қыркүйекте сағат 5.40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам және 5 техника жұмылдырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде өрт сөндірушілердің жалақысы қанша екенін жазған едік.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…