Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрттің қашан сөндірілетінін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, қазір жағдай тұрақты. Дегенмен температураның жоғарлауы мен жел салдарынан өрттің таралу қауіпі сақталады.
Өртті оқшаулау үшін құрылған топтар саны жетерлік. Жеке құрамның 1,5 мың адамы бар. Олар: өрт сөндірушілер, орманшылар, қорғаныс пен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Сонымен қатар 300 бірлік техника мен 12 тікұшақ жұмыс істейді,
деді ол журналистерге.
Бүгінгі таңда өрт аумағы 43 мың гектарға дейін азайған.
Өртенген аумақ 60 мың гектар болған. Бірақ жеке құрам жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіріп, аумағы кішірейді. Болжам бар, алдағы бірнеше күнде өртті оқшаулап,сөндіреміз. Басқа аймақтардан жіберілген барлық арнайы техника осында, отты өшіру үшін қолданылуда. Қою түтін кесірінен екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Әзірге үйлеріне қайтарылған жоқ,
деп қосты министр.