Осыған байланысты Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.
Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі,
делінген хабарламада.
11 мамыр күнгі кешке есептеулер бойынша Абай ауданындағы өртті сөндіру үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс шеттер) жалғасып жатыр. Барлығы 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника, 14 тікұшақ жұмылдырылған.