Абай облысы тағы да ел аузында. Оның алдында өртпен аты шыққан облыс бүгін жемқорлықпен көзге түсіп отыр.
Абай облысы Үржар ауданы Науалы балалар үйінің басшылары бюджеттен 6 миллион теңгеден астам қаржы жымқырыпты. Абай облысы прокуратурасы хабарлады.
Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген. Жоғары сыйлықақы, іссапар шығындарын тізімделді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық көп.
Сондай-ақ жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төлеген.
Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.