Кімді жазалаймыз деп даурығып-ақ жатырмыз.
Меніңше, бұған инфрақұрылымы жаңармаған, кеңестің ескі техникасында қалып кеткен отыз жылғы жүйе кінәлі. Бөлінген ақшаны жеп қойған жемқорлық кінәлі, деп жазды журналист Оңғар Қабден.
Тікұшақ пен дрондарды айтпағанда қарапайым ғана су шашатын көлігі жоқ өрт сөндірушілер қайтеді? Кешегі өртпен арпалысып қайтыс болған орманшылар қызмет барысында өзінің жеке көлігімен жүрген. Қаза тапқан бір марқұмның жесірі президентке күйеуі өрт ішіне жеке көлігімен кеткенін, қызметтік көліктері үнемі бұзылып, үнемі сайман жетіспей тұратынын айтты.
Мынау деген масқара ғой?
Орман шаруашылығы тікелей Экология министрлігіне қарайды. Ал анау жас қыз министр боп келгелі кадр ауыстырумен әлек. Мамыр айында ғана өртке қарсы дайынбыз деп үкіметте есеп берген. Қалай күйінбейсің?! Былтырғы Қостанайдағы апаттан сабақ алмаған екен бұлар.
Бұндай өте ауыр да жауапты саланы осы жұмыстың тәжірибелі маманы басқару керек! Әбден былыққа батқан министрлікті сүйреп алып шығатын нағыз маман, шаруаның адамы керек!
Көз жасын көл қылып, жылап тұратын жас қыз емес, шұғыл шешім қабылдап, барлық істі бақылап, қадағалайтын істің адамы керек!