Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті.
1987 жылы туған Долинский орманшылығының тракторшысы Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы орман өртін сөндіруге көмекке кеткен. Алайда 9 маусымда онымен байланыс үзілген.
Іздеу жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі — F 937 ARE. Қоңырау белгісі – «Марал 61». «Семей орманы» Долон филиалынан өртті сөндіру үшін Каштакқа барды. Соңғы рет 9-да байланысқа шықты және осы күнге дейін ол туралы ешбір хабар жоқ,
делінген хабарламада.
Көрген-білгендер болса, байланыс нөмірі: 8 771 582 2159.