Categories: Тарих

«Қабанбай батырдың түп-тамыры қазақ емес» деген тарихшы сөзін түсіндірді

Тарихшы Радик Темірғалиев Қабанбай батырдың кейбір ата-бабасы қазақ емес деп Телеграм-арнасына мәлімет жариялап, сынның астында қалды.

Темірғалиев өз көзқарасын құжатпен растауға дайын. Ең бастысы, бұл жерде ешқандай мәселе туындамау керек дейді. Тарихшының жазбасын толығымен ұсынып отырмыз:

Тарихи мәселе

«Ашулы жұрттан түсіп жатқан наразылық толастар емес. Мен бәрін тағы бір рет түсіндіруге тырысайын. Бұдан былай бұл тақырыпты көтермеймін.

Шамамен XVI-XVII ғасырлардың басында найман тайпасының Қаракерей руында Баистың қызы Мақта өмір сүрді. Ол шығу тегі «сарт» болған Тохтарқожаға тұрмысқа шықты.

«Сарт» деген кімдер? Түбін қазбаламай айтар болсақ, қазақтар негізінен Орта Азияның отырықшы халықтарының өкілдері – қазіргі өзбектер мен тәжіктердің ата-бабаларын осылай деп атады

Айтпақшы, аты айтып тұрғандай, Тоқтарқожа исламның алғашқы миссионерлерінен шыққан қожа табының өкілі болған болуы әбден мүмкін.

Бұл некеде Мақта Байжігіт пен Ержігіт атты екі ұл туды. Бірде Тоқтарқожа Отанына оралып, өзімен Ержігітті алып кетеді. Байжігіт анасының найман туыстарының арасында қалып, өсті.

Оның шөбересі аңызға айналған Қабанбай батыр (Қабанбай – Қожағұл – Мәмбет – Байжігіт) болды

Бұл ақпарат бірнеше дереккөздерге негізделген. Мен олардан бірнеше дәйексөз келтірейін.

Сөзбе-сөз

«Баистің бірінші әйелінен қыздарының бірі Тохтарқожаға тұрмысқа шықты, одан Байжігіт және Ержігіт деген балалары болды. Соңғысы Түркістанға сарттарға кетті, ал Байжігіт атасында қалды». (Коншин Н.Я. Орта Қырғыз Ордасының ұрпақтарының шығу тегі туралы жазба // 1900 жылға арналған Семей облысының естелік кітапшасы. IV шығарылым. Семей, 1900.)

«Мақтапайдың ері Тоқтарқожа деген түркістандық, одан: Байжігіт, Жанжігіт туады. Тоқтарқожа өмірінің соңында Жанжігітті ертіп еліне кетіп, олардан кім бар-жоғын біле алмадық. Байжігіт анасымен қалып, қазір әулеті сегіз болыс ел болып отыр». (Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992. 95 б.)

«Байыстың Мақтабай деген бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт, Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған». (Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Астана, 2018. 140 б.)

«Мақта сартқа тұрмысқа шыққан; Ұлы Байжігіт қырғызда қалды, ал екіншісі Ержігіт әкесі Тахтарқожамен бірге Үргенчке кетті» (М.Тынышпаев. Қырғыз-қазақ халқының тарихына материалдар. Ташкент, 1925. Б.72.)

Америка ашпадым

Яғни Құрбанғали Халид, Шәкәрім, Мұхамеджан Тынышпаев бір нәрсе туралы айтады. Айырмашылық тек маңызды емес детальдарда.

Бұл ақпарат әртүрлі зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде бірнеше рет келтірілген

Сондықтан мен «Американы» ашпадым.

Жалпы мен мұндай тәжірибенің қазақ қоғамында болғандығында тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Осы ашықтық пен өз ортасына басқа мәдениеттердің өкілдерін кіргізе алу қабілетінің арқасында, менің ойымша, қазақ этносы күшейіп, өміршең болды

Көптеген ірі қазақ тайпалары мен руларының арасында дәл осындай топтар бар – тегі бөтен адамнан, туысы жоқ жетім баладан, басқа тайпа өкілінен және т. б. тараған кірмелер.

Қабанбай батыр қазақ емес деп ешкім айтпайды. Оның арғы атасы ғана қазақ емес (шежіре бойынша). Есесіне оның анасы, әжесі, үлкен әжесі және т.б. қазақ.

Ең бастысы, ол өзін қазақ деп санады. Себебі этникалық сәйкестік тек қанға негізделмейді, адамның өзін солай танитынына да негізделеді.

Мен шежіредегі ақпаратты абсолют шындық деп санамаймын. Олар қате болуы да мүмкін. Бірақ қатені жоққа шығару үшін тиісті деректермен дәлелді жауап керек. Бәлкім, белгісіз көне дереккөздер бар шығар, мен олар туралы білмеймін. Олай болып жатса, еш қиындықсыз мен осы мәселе бойынша өз көзқарасымды өзгертемін немесе түзетемін. Бірақ ешкімнен кешірім сұрауға міндетті емеспін».

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago