Депутаттың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дұрыс жүйеленбеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды сұрады.
Міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді дейді депутат.
Адам өліп жатыр ауылда. Жедел-жәрдем келмейді. Сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді. Осыны жүйелегенше, дайындап қалпына келтіріп алғанша тоқтата тұруды сұраймын. Өйткені мұның халыққа қатты зардабы тиіп жатыр,
дейді Зайытов.
Бұдан бұрын журналист Сәуле Әбілдаханқызы да МӘМС туралы мәселені көтерген. Ол МӘМС – халықты қанау, тонау деген еді.
Жеке өз қалталарыңды толтырғаннан басқа, мәмстеріңнің халыққа, медицинаның дамуына бір түйір пайдасы тимеді.
Бұл не деген оңбағандық? Халықты осыншама тонап отырған бұл не деген САЛЫҚ? Осындай бассыздықтарға жол беріп отырған бұл не қылған ЗАҢ?