Қазақстанда 10 831 адам іздестіріліп жатыр. Олардың 2 119-ы – хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.
Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (276), Қарағанды (218) және Алматы (160) облыстарында тіркелген.
Ең жиі жоғалатындар – 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%).
- Үйінен шығып, қайта оралмаған адам саны – 1 601;
- Автокөлікпен жоғалғандар – 74;
- Жұмыстан шыққандар – 36 адам.
Сондай-ақ, Қазақстанда тергеуден және соттан жасырынған 2 428 адам іздестіруде жүр. Көпшілігі – 31-ден 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың басым бөлігі келесі өңірлерде тіркелген:
- Алматы – 501;
- Астана – 172;
- Шымкент – 146;
- Қарағанды облысы – 150.
Алаяқтық үшін 514 адамға, ұрлық үшін 303 адамға және адам өлтіру үшін 148 адамға іздеу салынған.