Қазақстанда 10000 мың адамның 42-сі замануи құлдықтың құрбаны.
Орталық Азия елдері мен Ресей әлемдегі ең ірі және маңызды еңбек көші-қон дәліздерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды finprom.kz. БҰҰ-ның 2022 жылға арналған мәліметі бойынша, Орталық Азия елдерінен келген 4 млн-ға жуық азамат Ресейде ресми түрде еңбек етіп келеді.
Бұрын Қазақстан Ресейге жеткізетін көпір еді. Алайда 2000 жылдың басында жағдай өзгерді. Қазақстан экономикасын жақсарта білді. Қазір елде еңбек етіп жүрген мигранттарының басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінен келген.
Бұл ретте елге заңсыз кіру және көші-қон заңнамасын бұзу фактілері әлі де орын алып келеді. Оның ішінде ең сорақысы адам саудасы болып отыр.
Мигранттар көбінде құрылыс пен ауылшаруашылық жұмыстарына салынады. Оларды жоғары табыс табасын деп алдап шақырып, кейін адам саудасының құрбанына айналады.
Қазақстанда жыл сайын «адам саудасы» санаты бойынша 100-ге жуық іс сотта қаралады. 2019-2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болды.
Бұл ретте сотқа түсетін істердің саны айтарлықтай аз. Адам саудасы ҚР Қылмыстық кодексінің 128 (Адам саудасы) және 135 (Кәмелетке толмағандар саудасы) баптарымен қарастырылған. Соңғы жеті жылда осы баптар бойынша сотталғандардың ең көп саны 2016 жылы тіркелген (30 адам).
2021 жылы сотталғандар саны 14-ке дейін азайды. Көбінде әйелдер қауымы.
Бұл ретте Қазақстан ұсынатын ресми статистика халықаралық мәлімдемеге сәйкес келмейді. АҚШ мемлекеттік департаментінің жақында жасаған есебінде (адам саудасы туралы есеп) үкімет мәжбүрлі түрде жұмысқа салынған азаматтарды қорғау үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқаны айтылды. Осылайша ҚР үкіметі 2021 жылы адам саудасының 20 құрбанын анықтады. 2020 жылы – 88, 2019 жылы – 40.
Әрине, статистикада тек белгілі жағдайлар ғана көрсетіледі. Ал әлі де анықталмағаны қаншама…
Жаһандық заманауи құлдық индексінде Қазақстан 189 мемлекеттің ішінде 86-шы орында тұр. Walk Free ұйымы бұл есепті 2018 жылы жариялаған (бұл соңғы толық есеп; келесісі 2022 жылдың соңында жарияланады). Бір қарағанда үрей туғызбауы мүмкін, алайда қордың мәліметінше 2018 жылы Қазақстанда құлдықта 75 мың адам болған.
Қазіргі құлдық адам саудасынан бөлек, мәжбүрлі еңбек, мәжбүрлі некеге тұру, құлдық және құлдыққа ұқсас жағдайларды да қамтитыны атап өтілген.
Әлемдік деңгейде 10 000 адамның 54-і замануи құлдықтың құрбаны. Ең жоғары көрсеткіш Африкада тіркелген (76 құрбан). Одан кейін Азия-Тынық мұхиты аймағы (61 құрбан), Еуропа мен Орталық Азия (39 құрбан). Ал Қазақстанда 10000 мың адамның 42-сі замануи құлдықтың құрбаны.