Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды.
Комиссия құрамынан шығарылғандар:
- бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық соттың қазіргі төрағасы Эльвира Әзімова;
- Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель;
- бұрынғы әділет министрі, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Қанат Мусин;
- Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бұрынғы оқу ісі жөніндегі проректоры, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев.
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына кіргендер:
— «Қазақстан ғылымы және өмірі» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы Есберген Алауханов;
— Білім министрі Ғани Бейсембаева;
— Әділет министрі Азамат Есқараев;
— Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев;
— Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
— Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов;
— «Сана Сезім «әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова.