Қоғамдық мәдениет жойылып, қоғамдық психоз өршіп барады.
Қайтыс болғандардың алдынан жарылқасын!
Автобус жүргізушісі әйел дейді. О байғұс қайбір жетіскеннен автобус жүргізіп жүр дейсіз, бала-шағасының нәпақасы үшін жүр де. Сол жүргізуші әйелді автобус жүргізіп бара жатқанда ұрып, есінен тандырған, жол апатына және бірнеше адамның өліміне себепкер болған кінәлі екі айға қамауға алынды.
Жантүршіктірер автобус апатының себебі анықталды.
Алматы қалалық полиция Департаменті, бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы — «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды.
Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
Ержан Төлек жазды.