Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-да лауазымын тастап кетуге «құқығы жоқ» екенін, демалысқа шығу мәселесін болашаққа қалдыратынын жазды.
Осыдан бірер күн бұрын республиканы 15 жыл басқарып келе жатқан Қадыров «тым ұзақ отырдым» деп жазған болатын. Шешенстан басшысы неге олай жазғанын түсіндірді.
«Сол күні елді ұзақ басқарған басшылар туралы жазылған басылымға көзім түсті. Сосын өзімнің 15 жыл осы лауазымда отырғанымды ойлап, сіздердің пікірлеріңізді білуді жөн көрдім. Кейінірек елге 27 жыл қызмет атқарған басшылар бар екенін біліп, ескеріп, ұзақ отырмағанымды түсіндім. Сондықтан осы рекордты жаңартуды шештім. Көрейік. Мен бұл көрсеткішті жеңе аламын деп ойлаймын.
деп жазды Қадыров.
Оның айтуынша, оған ел басшылығын тапсырған халықтың өзі. Оның міндеті — осы сенімді ақтау. Кетсе, тек халықтан және Ресей президентінің рұқсатын алып қана кетпек ойы бар. Ендігі тіпті еңбек демалысынсыз да жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ ол қазіргі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуды ешқашан ойламағанын мәлімдеді.
Сізге сөз беремін, маған ешқашан басқа қызмет ұсынылмаған, мен де сұраған емеспін,
делінген Қадыровтың жазбасында.