Кешеден бері квартира берушінің «екіжүзділігіне» әлеуметтік желінің беті толды.
Ертең басқа мәселе шықса, ол жақтан да «екіжүзділер» табылады. Сөйтіп қай жерге барсаң, ситуацияға байланысты жылдам өзгеретін адамдар алдыңыздан шыға береді. Ондай жандарды бірінші көріп те тұрған жоқсыз, деген екен Жанар Шамель.
Неге бұлай?
Бұл – біз адам тәрбиелей алмадық деген сөз. Бүкіл қоғам болып, әлем болып оны ең бірінші орынға шығармай, салдарына қанша ресурс, құрбандық келтіріп, ештеңені өзгерте алмаймыз. Ештеңені!
Мәселе әу бастан ниетте, адамдықта еді. Ақшаны ең бірінші орынға қойған қоғамды адам емес, ақша билейді. Оған несіне таң қалып, ренжиміз?! Кімге өкпелейміз. Өзімізге өкпелеп, өзімізге ренжуіміз керек.
Кез келген ситуацияны адам тек өз басына түскенде ғана анық сезінеді. Сонда ғана жан дауысы шығады. Айту бөлек, көру бөлек, сезіну мүлдем бөлек.
Сол пәтер берушінің орнында болсаңыз сіз де солай істейсіз. Қоғамдық сана солай.
Біз үнемі мәселенің бетін сипақтаумен уақыт, ресурс жоғалтып келеміз. Қандай тұқым себілді, сондай жеміс алатыны ешкімді онша ойландырмайды. Әйтпесе адамзат бүгінгі мәселелерді білмес те еді.
Неше жерден басқа себеп көзге көрініп тұрса да, негізгісі бұл – адамның өзімен өзі арпалысы.
Адами бейнеге оралмай ештеңе өзгермейді!
Бұл дүние мен ана дүниенің арасы – бір жұтым ауа ғана.
Оны бар жиған-тергеніне сатып алған адамды көрдіңіз бе?!